ҰСТАЗДАРДЫҢ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен аудан мектептерінің белсенді сынып жетекшілері арасында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» аудандық байқауы өткізілді. Бұл шара сынып жетекшілерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи педагогикалық тәжірибелермен бөлісуге және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің сынып жетекшісі ретіндегі кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық тәсілдерін, оқушылармен жұмыс тәжірибесін көрсетті. Қазылар алқасы ұстаздардың әдістемелік дағдыларын, ұйымдастырушылық қабілеттерін және оқушыларға деген шығармашылық көзқарасын мұқият бағалады.
Байқау соңында жеңімпаз ұстаздар аудандық кәсіподақ ұйымының атынан Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа жолдамаға ие болды.