КӨПЖЫЛДЫҚ АДАЛ ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕР
Жампейісова Батикамал Төлеутайқызы 1992 жылдан бастап Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында еден жуушы қызметін атқарып келеді. Еңбек жолында өзіне жүктелген міндеттерді адалдықпен әрі жоғары жауапкершілікпен орындап, білім беру ұйымындағы тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуына тұрақты түрде үлес қосып келеді.
Қызмет барысында ұқыптылығымен, тиянақтылығымен және еңбек тәртібін қатаң сақтауымен ерекшеленеді. Өз ісіне берілген, жауапты қызметкер ретінде ұжым арасында сый-құрметке ие. Әріптестерімен іскерлік қарым-қатынас орнатып, ортақ іске белсенді қатысады, тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындауды басты назарда ұстайды.
Көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби жауапкершілігі мекеме ұжымы тарапынан жоғары бағаланып келеді.
Қарағанды облыстық ұйымы