АҚТӨБЕЛІК ПЕДАГОГТАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
Қызылорда облысында Оқу-ағарту министрлігі мен «Талап» КЕАҚ ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында республикалық байқау өтті.
Байқауға елдің түкпір-түкпірінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары қатысып, білім беру саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды. Қатысушылар заманауи оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін көрсетіп, білім мазмұнын жаңарту мен шығармашылық идеяларын қорғады.
Байқауда Ақтөбе облысының педагогтары үздік нәтиже көрсетті. Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ерасыл Әжбенов жүлделі І орынға ие болды. Ал Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Айнұр Қанбаева республикалық деңгейде өз тәжірибесін сәтті қорғап, сертификатқа ие болды.
Бұл жетістік облыс педагогтарының кәсіби шеберлігін, шығармашылық әлеуетін және инновациялық бастамаларды жүзеге асыру қабілетін тағы бір мәрте танытты.
Әріптестерімізді құттықтаймыз! Бұл жеңіс білім саласында жаңа идеялар мен жетістіктерге жол ашатынына сенімдіміз.