ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Түркістан облыстық уйымының Шардара аудандық комитеті жұмыс жоспары мен кестесіне сәйкес апта басынан бері «Қалың қалай,бастауыш ұйым?» акциясы аясында С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін және N 8,9-Көксу бастауыш мектептері мен «Қуаныш» бөбекжай-бақшасында еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді.
Кездесуге салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымы Шардара аудандық кәсіподақ комитететінің төрағасы Нұрымбет Жалғас,кәсіподақ өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Ашық диалог алаңы форматында өткен жиын барысында педагогтар мен техникалық қызметкерлер бастауыш кәсіподақ жұмысын одан ары жандандыру, педагог-қызметкерлердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін кеңінен түсіндіру және еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелерді атап айтты.
Eңбек ұжымдарында жалақы төлеу тәртібі мен жұмыс уақыты,аттестаттау талаптары мен «Ұстаз» платформасына тіркелу мәселелері туралы қойылған сұрақтарға тиісті заңнамаларға сәйкес жан-жақты жауаптар берілді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы да талқыланып,облыс және аудан көлемінде«Әділетті және прогрессивті Қазақстандық халықтық Конституциясы үшін» коалициясы құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны, ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, олардың білім беру саласына, еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерге ықпалы жөнінде баса айтылды.
Жиын соңында кәсіподақ белсенділері ұжым мүшелерін ұйым жұмысына белсенді араласуға шақырып, мұндай жиындардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.
-
Фотографии
-