ҚАЛАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САҒАТТАР ҰСТАЗДАРДЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУҒА АРНАЛДЫ
Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетіне қарасты М. Қашғари атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» тақырыбында қалалық практикалық шеберлік сағаттар өтті. Шараның негізгі мақсаты – мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу, дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар педагогикалық әдістерді қолдана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Семинар барысында мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысушыларға түрлі практикалық тапсырмалар, ойындар, көрмелер мен өз жетістіктерін таныстырды. Бағдарламаға сәйкес Кентау қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Кеншембаева Гульжахан Калдыбековна шараның мақсаттары мен бағдарламасымен таныстырып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шеберлік сағаттар аясында мұғалімдер өз ғылыми жобаларын және тәжірибелік әдістерін бөлісті: У. Рашидова «Может ли машина (искусственный интеллект) создать искусство?», Д. Асаева «Роль ИИ в развитии креативного мышления», Л. Абдугаппарова мен Д. Махмудова «Разговорный клуб: учимся выражать своё мнение», Б. Хайруллаева мен М. Сайдмурадова «Подбор упражнений и заданий для работы с одаренными детьми в начальных классах». Қатысушылар практикалық жұмыстар жасады, маңызды ақпараттармен бөлісті және өзара тәжірибе алмасты. Семинар өте жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
-
Фотографии
-