БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАР - БАСТЫ НАЗАРДА!
«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Ақтөбе облысының Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлмира Избағамбетова аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында болды.
Жұмыс сапары барысында Гүлмира Избағамбетова Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде, Ойыл қазақ орта мектебінде, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияда, сондай-ақ «Асанәлі», «Жолшы», «Балдырған» бөбекжай-бақшаларында, мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру мекемесінде және аудандық музыка мектебінде болып, ұжыммен кездесті.
Кездесу барысында аудандық кәсіподақ ұйымының жылдық есебі тыңдалды. Ұйым жұмысының бағыттары сараланып, атқарылған шараларға талдау жасалды. Сонымен қатар қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек заңнамасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Айта кетейік, бастауыш ұйымдардың жұмысына қолдау көрсету мен олардың тиімді қызметін қамтамасыз ету – кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі.
-
Фотографии
-