ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ?!
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Д.Тұрманова және облыстық комитет маманы Б.Абдураимов
Әйтеке би атындағы №26 жалпы орта мектебінің және Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназияның бастауыш ұйым мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, ұстаздар мен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау шаралары мен заңдық кеңестер беру жұмыстары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ бастауыш ұйымдардың рөлі мен маңыздылығы, олардың кәсіподақ жүйесіндегі орны туралы кеңінен айтылды.
Диана Абайқызы өз сөзінде кәсіподақ – еңбек адамының сенімді қорғаны әрі қолдаушысы екенін атап өтті. Ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек дауларын алдын алу, әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бақтияр мырза кәсіподақ мүшелігінің артықшылықтары, ұжымдық шарттың маңызы және ұйымшылдықтың күшін ерекше атап өтті.
Кездесу еркін форматта өтіп, сұрақ-жауап бөлімімен жалғасты. Бастауыш ұйым мүшелері өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық әрі мазмұнды өткен жиын қатысушыларға үлкен серпін беріп, кәсіподақ жұмысына деген сенімді нығайтты. Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
-
Фотографии
-