АРДАҚТЫ ҰСТАЗ
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қазіргі күні директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып келе жатқан Асылбекова Айгүлім Бақтыбайқызы Шардара қаласындағы «Шардара» мектеп-лицейі жалпы білім беретін мектепте 13 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп жүрген, саналы ғұмырын білімге арнаған, мол тәжірибесімен де, адамгершілік келбетімен де көпке үлгі болып келе жатқан ардақты ұстаз. Айгүлім Бақтыбайқызы шәкірт жүрегінен орын алып, әріптестер арасында абыройлы құрметке бөленіп жүрген мұғалім.
Еңбек жолында талай шәкіртті білім биігіне жетелеп, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар берді. Жаңашыл көзқарасы, кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, білім саласының дамуына үлес қосты.
30 жылдан астам педагогикалық өтілі бар, кәсіби шеберлігі мен рухани болмысы үйлескен білікті маман – білім саласындағы нағыз көшбасшы тұлға.
Тіл білімі тарихы мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі үшін республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі көптеген марапаттарға ие. Атап айтқанда, олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындар, «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының ІІ дәрежелі дипломымен, «Үздік мұғалім» республикалық байқауының І дәрежелі дипломы, «Шығармашыл ұстаз – 2024» конкурсының І дәрежелі дипломы, М.Тасова атындағы «Ең білімді педагог» олимпиадасының бас жүлдегері атанды.
Оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, пікір-сайыс турнирлеріне дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Қалалық және аудандық тамыз конференциялары мен мектепішілік және аудандық оқу семинарларында озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, педагогикалық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған.
Айгүлім Бақтыбайқызы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының мүшесі ретінде мектеп өмірі мен қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады.
Өз ісіне деген адалдығы, жауапкершілігі мен парасаты жас мамандар үшін нағыз өнеге. Осындай білікті де беделді ұстаздар ел ертеңінің берік негізі.
Ұстаз еңбегінің айқын көрсеткіші шәкірт жетістігі. Оның шәкірттері республикалық, аудандық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Пікірсайыс, зерттеу, зияткерлік бағыттарда тәрбиеленген оқушылар жүйелі еңбектің жемісі.