ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы Еркін ауылдық округіндегі №26 орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында мектеп директоры Динара Құсайынова ұжымның өзекті мәселелеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы кәсіподақ мүшелеріне еңбек құқықтары, еңбек шартының жасалу тәртібі және әлеуметтік кепілдіктер жөнінде кеңінен ақпарат беріп, қойылған жеке сұрақтарға нақты жауап берді.
Шарада еңбек ұжымымен ашық диалог орнап, кәсіподақ мүшелігінің мүмкіндіктері, әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасындағы өзгерістер, сондай-ақ ұжымдық шарттың маңызы жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, мектептің ардагер ұстазы Қанатбек Намазбаев бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелеріне көрсетілген қолдау шаралары туралы баяндады. Ашық форматта өткен бұл жиын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыруға, мүшелерімен кері байланысты нығайтуға және өзекті мәселелерді уақытылы шешуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етті.
Жетісу облысы, Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-