АДАЛДЫҚТЫҢ ҮЛГІСІ
Вороновский Сергей Петрович Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының «Қажыкен Смайылов атындағы №43 жалпы білім беретін тірек мектебінің (ресурстық орталық) жанындағы интернатта кіші қамту қызметкері болып ұзақ жылдан бері жұмыс істейді. Өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, тапсырылған міндеттерді ұқыптылықпен әрі сапалы орындайтын нағыз еңбек адамы.
Сергей Петрович уақытпен санаспай, сүйікті ісін әрдайым бірінші орынға қояды. Сергей Вороновскийдің қажырлы еңбегі ұжымның қалыпты әрі жайлы жұмыс істеуіне, балалар мен қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы ортаның қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Еңбекқорлығы мен тиянақтылығы, қарапайымдылығы мен адамгершілігі үшін ол ұжым арасында үлкен сый-құрметке ие. «Еңбек адамы» атағына әбден лайық тұлға.
Сонымен қатар, отбасында сыйлы отағасы, сүйікті әке, мейірімді ата ретінде де өнегелі жан.