ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГ – ШЫҒАРМАШЫЛ ҰСТАЗ
Жолданова Баян Шалғымбайқызы Шет ауданы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы көркем еңбек пәнінің мұғалімі. Ұстаз көпжылдық педагогикалық қызметі барысында білім беру саласына сүбелі үлес қосып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Баян Шалғымбайқызы еңбегі аудандық, облыстық және республикалық деңгейде лайықты бағаланған. Ол Шет аудандық білім, ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының, Қарағанды облысының білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар республикалық педагогикалық-әдістемелік «Көркем еңбек» журналында үздік сабақ үлгілерін жариялағаны үшін диплом иегері. «Ең үздік шығармашыл мұғалім» облыстық байқауында және облыстық форумдар мен көрмелерде белсенділік танытып, іс-тәжірибесімен бөліскен.
Ұстаздың жетекшілігімен оқушылар облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Атап айтқанда, жобалау, зерттеу және қолөнер бағытындағы байқауларда II және III дәрежелі дипломдар мен жүлделі орындар алған.
Жолданова Баян Шалғымбайқызы – кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі үйлескен, жас ұрпақты ұлттық өнерге баулып, сапалы білім мен тәрбие беріп келе жатқан білікті педагог.