МАҢЫЗДЫ ЖИЫН ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Маңғыстау облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағығының Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен еңбек қатынастарын реттеу және еңбек дауларын шешу мәселелеріне арналған отырыс өтті.
«Жеке еңбек дауларын реттеу тәртібі» тақырыбындағы отырысқа бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының құқықтық сауатын арттыру және еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамыту.
Келісу комиссиясы тек екі тараптың тең мүддесін көздегенде ғана тиімді жұмыс істей алады. Егер комиссия мүшелері тек жұмыс беруші не жұмысшы жағында болса, бейтараптық бұзылады.
Мұндай жағдайда қабылданған шешімдер көп жағдайда сотта күшін жояды. Ал комиссияның негізгі мақсаты - дауды ұжым ішінде сотқа жеткізбей шешу.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы