БАСТАУЫШ ҰЙЫМДА ЖИЫН ӨТТІ
Ұжымының ынтымағын арттырып, әр қызметкердің құқығы мен әл – ауқатын қорғауға бағытталған маңызды кездесулер барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұйымдастырылуда.
Осындай шара Панфилов ауданындағы Ә.Қастеев атындағы орта мектебінде өтті.
Оған «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Панфилов аудандық филиалының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Панфилов аудандық филиалдың төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков сөз алып, кәсіподақ тарапынан жасалып жатқан барлық жұмыстарды ретімен таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін айқындап берді. Сонымен қатар, аудан бойынша жасалған ауқымды шараларды атап өтіп, білім саласындағы өзгерістерді баяндады.
Жиында Ә. Қастеев атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мейрамгүл Сайтбаева ұжымдық келісім шарттың орындалу барысы туралы мәселені көтеріп, маңыздылығына тоқталып, еңбек қатынастарын реттеу, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жұмыстар жүргізілгенін жеткізді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Медет Жетпісбай да кездесуде сөз алып, комиссия жүргізген жоспарлы тексерулердің нәтижелері, қаржылық құжаттамалардың жүргізілу тәртібі, қаражаттың мақсатты жұмсалуы және ішкі бақылау талаптарының сақталуы жөнінде толық ақпарат берді.
Шара соңында кездесуге қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына әдістемелік көмек көрсетті.
Жетісу облысы, Панфилов ауданы
-
Фотографии
-