ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТЕТІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілдерінің Қарғалы ауданына сапары аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, кәсіподақ мүшелері және келісу комиссиясының мүшелері үшін мазмұнды семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында «Еңбек даулары, олардың туындау себептері. Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбы жан-жақты қарастырылды. Кәсіподақ өкілдері еңбек қатынастары барысында жиі кездесетін даулы мәселелердің себептеріне тоқталып, олардың алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, еңбек даулары туындаған жағдайда заң аясында, тараптардың өзара келісімі арқылы мәселені шешудің тиімді тетігі саналатын келісу комиссиясының жұмыс тәртібі нақты мысалдармен баяндалды.
Іс-шара барысында қатысушылар еңбек заңнамасындағы өзгерістер, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту мәселелері жөнінде құнды ақпарат алды. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік кеңестер алды.
Сонымен қатар облыстық кәсіподақ ұйымының өкілдері Қарғалы ауданындағы педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінде болып, ұжым мүшелерін толғандырған мәселелерге ққұқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, мұндай кездесулер еңбек ұжымдарында құқықтық сауаттылықты арттыруға, еңбек дауларының алдын алуға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Алдағы уақытта басқа да аудандарда осындай түсіндіру жұмыстары жалғасын табатын болады.
-
Фотографии
-