ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ҰСТАЗДАР ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫНДА
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен педагог қыздар арасында волейболдан жарыс өтті.
Спорттық дода Талдықорған қаласындағы білім беру ұйымдарының базасында ұйымдастырылып, қала мектептерінен 21 команда қатысты. Жалпы саны 189 педагог спорттық сайысқа белсене атсалысты.
Жарыс қорытындысы бойынша: І орынды – №15 орта мектеп командасы, ІІ орынды – №11 орта мектеп командасы, ІІІ орынды – М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мен Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп командалары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерд «Жетісу» жергілікті кәсіподағының төрағасы Мэлс Төлепбергенов құттықтап, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік үйлестіруші», «Үздік ардагер» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Аталған жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі, К.Ушинский атындағы №7 орта мектеп, Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп ұжымдарына Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы Алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді.
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-