ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін, 19 желтоқсанда, Солтүстік Қазақстан облыстық білім, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлері кәсіподағының Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Атқару комитеті жұмысына офлайн режимінде 4 төраға, ауа райы жағдайына байланысты филиалдардың 10 төрағасы онлайн қатысты.
Кеңейтілген Атқару комитетінің жұмысын аша отырып, облыстық комитет төрағасы Б.Аюпов 2025 жылдың алдын ала қорытындыларын жеткізді.
Берік Елубайұлы ағымдағы жылды ел Президенті Жұмысшы мамандығы жылы деп жариялағанын, оның аясында жұмысшы қызметкерлерді сауықтыру мәселелеріне баса назар аударылғанын атап өтті. Атаулы жылы жастар форумы, спорттық турнирлер жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жалпыға бiрдей кәсiподақтық құқықтық оқыту жоспары орындалды.
«Аққайың және Тимирязев аудандарының кәсіподақ комитетінің жарғылық міндеттері мен мақсаттарын орындау, кәсіподақ органдарының тиімділігі мен қызметін арттыру жөніндегі жұмыс туралы» жоспарлы тексерудің қорытындысы бойынша аудандық филиалдардың төрағалары Е.Ахметов және А.Анапьянова баяндады.
Облыстық комитет төрағасының орынбасары Т.Смолинаға «Аққайың және Тимирязев аудандарының кәсіподақ комитетінің жарғылық міндеттері мен мақсаттарын орындау, кәсіподақ органдарының тиімділігі мен қызметін арттыру жөніндегі жұмыстар туралы» анықтама берілді .
Осы аудандардың қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы ақпаратты облыстық комитеттің бас есепшісі Ғ. Мырзағазинова баяндады.
Атқару комитеті «Аққайың аудандық комитеті» филиалының және «Тимирязев аудандық комитеті» филиалының жұмысын назарға алды.
Облыстық комитеттің және филиалдардың ағымдағы кезеңдегі жұмысына, филиалдар төрағаларының берген есептеріне сәйкес, облыстық комитет аппаратының мамандары талдау жасады.
Баяндамашылар жұмыс бағыттары бойынша егжей-тегжейлі талдау жасап, жергілікті жерлердегі жұмыс сапасын жақсарту және жандандыру үшін тиісті ұсынымдар берді.
Облыстық комитеттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
-
Фотографии
-