КӨКПЕКТІ АУДАНЫ НАУҚАНҒА ҚАТЫСТЫ
5 желтоқсан күні, Абай облысының Көкпекті аудандық әйелдер істері жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты жою» халықаралық акциясы аясында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинар жұмысына аудандық кәсіподақ төрағалары, ІІБ өкілі, депутат әйелдер, «Аманат» партиясының өкілі шақырылды
Бағдарлама барысында:
Қатысушылар тіркеуден өтіп, ашылу салтанатында Көкпекті аудандық кәсіподақтар төрағасы Ш.Мустафинова сөз сөйлеп,тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Көкпекті аудандық әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрағасы А.Бахтиярова
«Цифрлықзорлық-зомбылықтың түрлері» тақырыбында баяндама жасады.
Көкпекті аудандық
полиция аға лейтенанты Н.Абсейтов
киберқудалау мен құқықтық жауапкершілік жайлы ақпарат берді.
Практикалық бөлімде
Интерактивті тренинг пен кейс-талдау жүргізіліп, қатысушыларға практикалық кеңестер ұсынылды.
Акцияны қолдау мақсатында челлендж өткізіліп, жаднамалар таратылды.
Іс-шара соңында қатысушылар резолюция қабылдап, семинар жұмысын қорытындылады.