КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
Мен, Өскемен қаласы білім бөлімінің «Мұхамет Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ қызметтік үй-жайларды тазалаушысы Данылтай Мұздапарова Салалық кәсіподақтың Жұмысшы мамандықтар жылына арналған республикалық форумына алғаш рет қатысып, жүрегімді шаттық сезім кернеді. Бұл менің өмірімдегі аса маңызды оқиғалардың бірі болды.
Осындай шарада біздің еңбегіміздің қаншалықты маңызды, қоғам үшін қажет екені айтылып, жүрегіме жылылық ұялатты. Мектептің тазалығы – балалардың денсаулығының кепілі екені анық. Ал дені сау ұрпақ – елдің болашағы.
Форумның соңында мен Кәсіподақтар Федерациясының Құрмет грамотасына ие болдым. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе, ерекше мақтаныш. Мен өз жұмысымды сүйемін, еліме адал қызмет етуге әзірмін.
Бұл форум біздің кәсібіміздің маңыздылығын арттырып, жаңа биіктерге жігерлендіре түсті. Салалық кәсіподаққа тағы да алғысым шексіз! Кәсіподақ – еңбек адамының қорғаны мен тірегі екеніне көзім жетті. Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Данылтай Мұздапарова,
Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысы