БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЕСЕП БЕРДІ
28 қараша күні СҚО Ақжар ауданындағы «Балдырған» балабақшасының кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті.
Кәсіподақ төрайымы Мадиғаж Мұнлах өз есебінде ұйымының жалпы жұмысы оның ішінде еңбек қатынастары мен қызметкерлердің құқықтарының қорғалуы, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек қауіпсіздігі, мәдени, спорттық іс шаралар, қаржылық жағдай, мүшелік жарналар мен шығындар туралы айтты.
Кәсіподақ комитетінің есебі қанағаттанарлық деп танылды. Кәсіподақ ұйымына жаңа мүшелер сайланды.
Жиналыстың соңында ұжымның бірқатар мүшелеріне облыстық және аудандық комитетінің мадақтамалары табысталды.
Балабақша меңгерушісі Қ.Нығметова
әлеуметтік әріптестікті нығайту жолында атқарған жұмысы үшін аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.
Ұжым кәсіподақ төрайымы етіп Мадиғаж Мұнлахты қайта сайлады. Құттықтаймыз!!! Ұжымдағы кәсіподақ жұмысы алға басуына тілектеспіз.
-
Фотографии
-