ПЕТРОПАВЛДА ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГТАР АНЫҚТАЛДЫ
28 қарашада Петропавлда «Дебют» байқауының облыстық кезеңі өтті, оған өңірдің ең бастамашыл жас педагогтары қатысты. Финалға дейін жарыс бірден үш алаңда өтті: қатысушылар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруде өз әдістемелерін көрсетті.
Байқаудың қорытынды кезеңіне 14 жас маман қатысты. «Дебют» байқауы төртінші рет өткізіліп отыр және жас педагогтарды оқытудың заманауи тәсілдерін іздеуге және олардың кәсіби өсуін қолдауға бағытталған.
Оқу - ағарту, ғылым және жоғары білім кәсіподағы облыс педагогтарының бастамаларын үнемі қолдайды және кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Байқаудың жүлдегерлері - кәсіподақ мүшелері «Дискавери-Бурабай» демалыс және сауықтыру аймағына жолдама алды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз Жұмыстарыңызға табыс және тамаша демалыс тілейміз!
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы