КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ
Ақсуат ауданының кәсіподақ комитетінде 2025 жылы 20-21 қараша күні екі күндік оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинарды Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің құқықтық мәселелер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау жөніндегі бас маманы Н.Абдулкаримова өткізді.
Бірінші күнгі “Білім беру ұйымындағы келісу комиссиясы” атты семинарда келісу комиссияларының мүшелері мен мекеме басшыларына Еңбек кодексінде көзделген жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек дауларын тиімді шешу механизмдерін күшейту ,білім беру ұйымдарында еңбек қатынастарын реттеудің заңдық негіздерін түсіндіру және еңбек дауларын алдын алу жәйлары айтылды.
Семинарға Ақсуат ауданының білім бөлімі басшысы Қыдырмолдин Амангелді Шаймұратұлы , барлық білім беру мекемелерінің басшылары, сондай-ақ келісім комиссияларының мүшелері қатысты.
Семинарға қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, семинарға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Семинар соңында әлуметтік әріптестердің жұмыстары бағаланып Абай облысының кәсіподақ ұйымының “Белсенді әлуметтік әріптес” төсбелгісімен марапатталды.
Екінші күні Кәсіподақ төрағалары мен техникалық инспекторларға арналған еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі оқу семинары өтті.
Семиар барысында бейнесюжеттермен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын жетілдіру, нормативтік құжаттарды қолдану дағдыларын нығайту және жұмыс орындарында қауіпсіздіктің сақталуы туралы айтылды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасты, еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойылып тұжырымды жауаптар беріліп, оқу-әдістемелік материалдар таратылып берілді.
Екі күндік семинар барысында Нұргүл Назарбековна қосымша білім беру мекемелері мен мектептерге барып, кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынасына байланысты еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелер бойынша көмектер көрсетті.
Ақсуат аудандық кәсіподақ комитеті, Абай облысы
-
Фотографии
-