КӘСІПОДАҚ ҚОЛДАУЫ
Қазақ халқының тарихында өшпейтін із қалдырған Смағүл Садуақасұлының аты қаламыздың үлкен №2 орта мектебіне берілген. Қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдігіне арнаған жерлесіміздің 125 жылдығы білім ордасында салтанатты түрде аталды.
Облысымыздың кәсіподақ орталығының төрағасы Ерік Есімұлы Нұрақаев басқарған бір топ кәсіподақ өкілдері С.Садуақасұлының ескерткіші қасында митингке және гүл шоқтарын салу рәсіміне қатысты.
Мерекелік іс-шаралар қатарында театрланған қойылым ерекше әсер қалдырды. Смағүлдың қысқа, бірақ саясаттың өтінде жүрген өмірін көрермендерге жеткізуге тырысқан оқушылардын, әсіресе басқа ұлт балалардын, таза қазақша сөйлегені әсерлі болды. Сол кездегі қиын өмірдің атмосферасын тұрмыстық заттары, мінез-құлық стилі, киімдері, жас актерлардын шеберлігі көрермендерді тәнті қылды.
Осы қойлымның авторлары-бірлігі жарасқан ұжым ұстаздары, қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері- Әсел Бақытжанқызы Ережепова, Омарова Салтанат Баяхметқызы , Нариман Қайыргельдыұлы Жүкенов. Айтып кету қажет, аталған әріптестер біреуі кәсіподақ төрайымы болса, екіншісі қаражат жағынан көмекшісі.
Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Салима Қайроллақызы Макишева құттықтау сөзінде кәсіподақтардын негізгі принциптерін атап өтіп, мектептегі кәсіподақ ұжымына шипажайға жолдама тапсырды.
Смағүл Садуақасұлының ісің жалғастырып жүрген, еліміздің өркендеуіне үлес қосып, адал еңбегін аямай жүрген әріптестерімізді қолдау-қәсіподағымыздың игі істерінің бірі және міндеті.
Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы