ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ПЕН ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІГІ
Садақбаева Назым Байтасқызы еңбек жолын 1999 жылы Талдықорған қаласындағы М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Садақбаева Назым Байтасқызы - өз ісінің шебері, оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана білетін, шығармашылық қабілеті жоғары педагог. Ұстаздық қызметінде Назым Байтасқызы шәкірттерінің жан дүниесін түсініп, оқушылардың бойында білімге деген қызығушылық пен рухани байлық қалыптастыруға ерекше мән береді.
Көпжылдық жемісті еңбегі еленіп, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде Назым Байтасқызы әріптестеріне әрдайым қолдау көрсетуден жалықпайтын жауапты әрі іскер маман ретінде танылды.
Назым Байтасқызының адал еңбегі, кәсіби шеберлігі және кәсіподақ жұмысындағы белсенділігі үшін зор алғыс білдіреміз.
Жетісу облыстық ұйымының Талдықорған қалалық филиалы