ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ – КӘСІПОДАҚ НАЗАРЫНДА!
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жалғас Нұрымбет «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы ұжымымен жүздесті.
Кездесуде еңбек қатынастарының өзекті мәселелері, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері мен жұмыс жағдайлары талқыланды.
Қездесу барысында тәрбиешілер мен қызметкерлердің жеке сұрақтары тыңдалып, заңдық кеңестер мен нақты ұсыныстар берілді.
Мұндай іс-шаралар еңбек адамдарының құқықтарын қорғау бағытында кәсіподақ ұйымдарының жүйелі әрі нәтижелі жұмысының дәлелі болып табылады.