ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың бастамасымен облыс аумағында ұстаздармен ашық кездесулер жалғасуда.
Аталған игілікті бастама аясында Шардара аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Жомарт Нұрымбет Шардара қаласындағы «Шардара» мектеп-лицейі ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында ұстаздар еңбек шарттарының орындалуы, жұмыс уақытының тиімді ұйымдастырылуы, қосымша жүктеме мен демалыс мәселелері жөнінде пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Кәсіподақ өкілдері педагогтардың сұрақтарына нақты жауап беріп, еңбек заңнамасындағы жаңалықтар мен құқықтық кеңестер ұсынды.
Осындай ашық форматтағы кездесулер ұстаздардың құқықтық сауаттылығын арттырып, кәсіподақтың рөлі мен маңызын нақты сезінуге мүмкіндік береді.
Ұстаздардың құқығын қорғау – біздің басты міндетіміз!