КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық білім бөліміне қарасты Оқушылар үйінде шара өткізілді. Шара Жаңақорған ауданды бойынша білім бөлімінің басшысы Жахудаев Нариман Үсенұлы және аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Есқабылов Талғат Шортышұлының құттықтау сөздерімен ашылды.
Аудандағы мектеп, балабақшалардың кіші қызметкеріне облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты табысталып, сыйлықтар берілді. Шара өнер мектебі өнерпаздарының концертімен тәмамдалды.