ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ҰСТАЗДАРЫНЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ
Жаңаарқа ауданында Қазақстан кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай өткен облыстық ұстаздар Спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты өтті!
Спартакиадаға волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық спорт түрлерінен Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының, сондай-ақ Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарының құрама командалары қатысып, бақ сынады.
Нәтижелер:
Волейбол:
Жаңаарқа
Жезқазған
Сәтбаев
Үстел теннисі:
Жаңаарқа
Жезқазған
Ұлытау
Шахмат:
Ұлытау
Жаңаарқа
Жезқазған
Тоғызқұмалақ:
Жаңаарқа
Жезқазған
Қаражал
Асық ату:
Жаңаарқа
Жезқазған
Сәтбаев
Бес асық:
Жезқазған
Жаңаарқа
Ұлытау
Жалпы командалық есеп:
Жаңаарқа ауданы
Жезқазған қаласы
Ұлытау ауданы
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Қоңырбаев жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапаттады.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Жаңаарқа аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мейіржан Мұхамеджановқа және атсалысқан барлық әріптестерге, қолдау білдірген аудандық әкімдік пен білім бөліміне зор алғысымызды білдіреміз!
-
Фотографии
-