ҮЗДІК ЖАС МАМАН АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбенің Мәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен “Білім саласының үздік жас маманы – 2025” аудандық байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың еңбегін насихаттау.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды: қатысушылар өз-өзін таныстырып, қысқа сабақ үлгісін көрсетті, өнерін ортаға салып, эссе жазу арқылы ой-өрісін танытты.
Ауданның жалпы білім беретін ұйымдарынан 21 жас маман қатысып, өз білімін, өнері мен кәсіби шеберлігін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.
Байқаудың бас жүлдесін Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Перуза Жұмалина жеңіп алды. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жүлдегерлерге аудандық кәсіподақ ұйымы атынан Алматы қаласына тарихи-танымдық саяхат жолдамасы табысталды.
Бұл байқау жас ұстаздарға өз қабілетін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға зор мүмкіндік берді.