ҰСТАЗДАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫ - ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ
Күзгі демалыс – жыл бойғы еңбектің жемісін сезініп, жаңа күш жинайтын тамаша мезет. Биылғы демалыс кезінде Ақтөбе облысының Хромтау, Темір, Мәртөк, Ырғыз және Ойыл аудандарының білім қызметкерлері өз денсаулығын нығайтып, елдің көрікті жерлерін аралап қайтты.
Хромтаулық ұстаздар үшін демалыс бағдарламасы ерекше мазмұнды болды, олар «Шипагер» мен «Сосновый бор» шипажайларында тынығып, Тараз–Шымкент бағытында тарихи және мәдени сапарға шықты. Темір ауданының білім қызметкерлері «Сарыағаш» шипажайының емдік қасиетімен денсаулықтарын жақсартты. Ал, Мәртөк ауданының ұстаздары «Мерке», «Сарыағаш» және «Шипагер» шипажайларында демалып, әр өңірдің табиғаты мен тынысын сезінді. Ырғыз ауданының қызметкерлері бір емес, бірнеше шипажайда – «Шипагер», «Юкон», «Мерке» және «Сарыағашта» демалып, жан мен тәнге қуат беретін демалыс өткізді. Ал, Ойылдық ұстаздар «Манкент» пен «Юкон» шипажайларында болып, табиғат аясында ерекше сергіп қайтты.
Күзгі демалыс аясында барлығы 200-ден астам кәсіподақ мүшесі тынығуға жолдама алды. Осындай игі бастамалар ұстаздардың еңбегіне құрмет көрсетіп қана қоймай, олардың жаңа маусымға шабытпен, көтеріңкі көңіл күймен оралуына септігін тигізді.
-
Фотографии
-