КӘСІПОДАҚ ҚАМҚОРЛЫҒЫ: МҰҒАЛІМДЕРГЕ МОЛ СЕРПІН СЫЙЛАҒАН КҮЗГІ ДЕМАЛЫС
Күзгі демалыс кезеңінде Ақтөбенің Мұғалжар, Шалқар, Қарғалы, Байғанин, Қобда және Алға аудандарының білім саласы қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын нығайтып, елдің көрікті өңірлеріне саяхат жасады.
Кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған демалыс аясында ұстаздар мен білім қызметкерлері республиканың түрлі шипажайларында демалып, тарихи-танымдық бағыттағы сапарларға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Мұғалжарлық ұстаздар «Шипагер» және «Сарыағаш» шипажайларында тынығып, сондай-ақ Алматы қаласының мәдени орындарын аралады. Шалқар ауданының өкілдері «Сарыағаш» шипажайында демалып, Бурабай–Зеренді мен Алматы бағытында танымдық саяхат жасады. Ал, Қарғалы ауданынан барған ұстаздар «Сарыағаш» шипажайында болып, Бурабай–Зеренді өңірінің көрікті жерлерімен танысты.
Байғанин ауданының білім қызметкерлері «Шипагер» және «Сарыағаш» шипажайларында демалып, Маңғыстау өлкесіне сапар шекті. Қобдалық ұстаздар «Юкон» шипажайында тынығып, Бурабай–Зеренді аймағының табиғаты мен тарихына қанықты. Сонымен қатар Алға ауданының ұстаздары «Шипагер» шипажайында демалып, бір топ білім қызметкерлеріне Түркістан мен Шымкент қалаларына мәдени-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Жалпы, аталған аудандар бойынша 300-ден астам кәсіподақ мүшесі демалысқа жіберілді. Бұл игі шара ұстаздардың еңбек өнімділігін арттырып, олардың жаңа серпінмен жұмысқа оралуына зор ықпал етті.
Кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да білім саласы қызметкерлерінің демалысы мен әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастырмақ…
-
Фотографии
-