КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ
Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулланың бастамасымен облыс аумағында ұстаздармен ашық кездесулер өз жалғасын табуда.
Аталған бастама аясында Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ержан Исатаев, сондай-ақ Жұмағали Бекмурзаев пен Бахтияр Абдураимов мұғалімдердің күзгі каникулы кезінде бірқатар мектеп ұжымдарымен кездесті.
Кездесулер №3 жалпы білім беретін мектеп, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп, В.Вахидов атындағы жалпы орта мектеп және Ө.Жәнібеков атындағы мектептерінде өтті.
Басқосуларда кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, әлеуметтік қолдау шаралары, еңбек қатынастары мен ұжымдық шарттардың орындалуы жайлы кеңінен әңгіме қозғалды. Ұстаздар өздерін толғандырған түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасуға белсене қатысты. Кәсіподақ өкілдері әрбір сұраққа нақты жауап беріп, түсіндірмелер ұсынды.
Мұғалімдер кездесудің ашық, еркін және пайдалы өткенін айтып, осындай мазмұнды сұхбаттардың алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылуын ұсынды.
Осындай кездесулердің басты мақсаты – ұстаздардың құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау, кәсіподақ пен білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайту болып табылады.
-
Фотографии
-