ҰСТАЗДАР МЕРЕЙІН АСЫРҒАН ШИПАЛЫ САПАР
27–31 қазан аралығында Сыр өңірінен 50-ге жуық ұстазы кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Біркөлік» шипажайында демалып қайтты.
Бұл сапар — білім саласындағы үздік педагогтарды қолдау мен ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған игі дәстүрдің жалғасы.
Биылғы демалысқа республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын дайындаған мұғалімдер, түрлі салалық конкурстарда озық нәтиже көрсеткен педагогтар мен спорттық жарыстарда топ жарған ұстаздар қамтылды.
Қатысушылар шипажайдың табиғаты мен тынығу мүмкіндіктерін пайдаланып, емдік процедуралар қабылдады, сондай-ақ танымдық кездесулер мен мәдени бағдарламаларға қатысты. Белсенді ұстаздар арасында көңілді кештер ұйымдастырылып, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өтті.
Сонымен қатар ұстаздар Түркістан облысындағы тарихи-мәдени және киелі нысандарды аралап, рухани қуат алып қайтты.
Ұстаздардың шипажайдағы демалысы – жыл бойғы еңбектің жемісі мен марапаты.
-
Фотографии
-