                  ПЕДАГОГТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
 Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтар мен білім саласының мамандарына арнап онлайн семинар ұйымдастырды. Бұл жолғы кездесу Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудандарының білім беру ұйымдарының өкілдерін қамтыды.

 Семинардың басты тақырыбы — «Білім саласындағы еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер және оларды құқықтық тұрғыда реттеу жолдары» болды.

 Іс-шараға аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кадр қызметінің мамандары, келісім комиссияларының мүшелері, заңгерлер және техникалық пен кәсіптік білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

 Онлайн семинар барысында қатысушылар еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістермен танысып, педагогтардң еңбек құқығын қорғау, еңбек шарттарын рәсімдеу, еңбек дауларының алдын алу және келісім комиссияларының тиімді жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

 Облыстық әсіподақ ұйымының құқықтық қызметкерлері білім беру саласында жиі кездесетін еңбек даулары бойынша нақты мысалдар келтіріп, олардың шешу тетіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, еңбек қатынастарын реттеуде кәсіподақтың рөлі мен қызметкерлердің өз құқықтарын білу маңыздылығы атап өтілді.

 Семинар соңында қатысушылар кәсіподақ мамандарына өз сауалдарын жолдап, жеке еңбек тәжірибелеріне қатысты құқықтық кеңес алды.

 Айта кету керек, Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы білім қызметкерлерінің заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл семинар соның айғағы болып, өңір ұстаздарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қатынастарындағы ашықтықты қамтамасыз етуге үлес қосты.

- 
                      Фотографии
- 