                  БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ САЯХАТТА
 Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсаны аяқталған соң Ақтөбелік білім саласының қызметкерлері күзгі демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында Бурабай мен Зеренді өңірлеріне тарихи-танымдық саяхатқа шықты.

 Бұл сапардың басты мақсаты – ұстаздардың көңілін сергітіп, табиғат аясында демалуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ еліміздің көрікті жерлерімен таныстыру болды. Саяхат барысында қатысушылар Бурабай ұлттық табиғи паркін, Жұмбақтас пен Оқжетпес тауларын, Абылай хан алаңын, Ботай мұражайын және Зеренді өңірінің табиғи көрікті орындарын аралап, ерекше әсер алды.

 Сапардың келесі бөлігінде ұстаздар Ботай мұражайында болып, ежелгі мәдениет тарихымен танысты. Сондай-ақ Абылай хан алаңы мен «Ракушка» демалыс аймағына барып, ұлттық рух пен табиғи сұлулықтың үйлесімін сезінді.

 Кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған бұл сапар ұстаздар қауымына сергектік пен жаңа шабыт сыйлады. Кешкі уақытта түрлі топтық ойындар мен көңілді би кеші ұйымдастырылып, әріптестер арасындағы достық пен бірлікті нығайтты.

 Осындай танымдық демалыстар – ұстаз еңбегіне деген құрмет пен қамқорлықтың белгісі. Табиғат аясындағы үш күндік тарихи- танымдық саяхат қатысушылардың жадында жарқын естелік болып сақталары сөзсіз…