КІТАПХАНА ІСІНДЕГІ ҮЗДІКТЕР
Кітапханашылардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО ББ «Örken» өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Үздік кітапханашы – 2025» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың облыстық кезеңінде 8 мектеп кітапханашысы бақ сынасты.
Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілі әділқазылар алқасының құрамында болып, кәсіподақ атынан қолдау көрсетіп, екі жүлдегерді марапаттау рәсімінде сыйлықтар табыстады. Кітапхана ісіне жаңа қадам басқан жас маман – Ұлан ауданы «Қанай орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Сағым Бисенхан мен Алтай ауданы «Первороссийская орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Елена Ханина өз кітапханасын ерекше ықыласпен безендіріп, белсенділігімен көзге түсті.
«Үздік кітапханашы – 2025» облыстық байқауы кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, озық тәжірибелерін таратуға және кітап оқуды насихаттауға бағытталған маңызды шара болды. Байқауға қатысушылардың барлығы да өз ісіне адал, шығармашыл және білімді жандар екендігін дәлелдеді.
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымы