
БАСКЕТБОЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ КЕНТАУ ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
20 қазан күні Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 40 жастан жоғары ересектер арасында баскетболдан ашық біріншілік өтті. Аталған спорттық іс-шара «Жемқорлықсыз болашақ!» деген маңызды ұранмен өтті, бұл ел ертеңінің адалдық пен әділеттілікке негізделуіне бағытталған маңызды үндеу болды.
Ашық біріншілікке өңірдің түрлі ұйымдары мен мекемелерінен келген командалар қатысып, өзара тартысты әрі жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Солардың ішінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің командасы ерекше көзге түсіп, ұйымшылдық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетті. Жоғары бәсекелестікке қарамастан, біздің команда сәтті ойын көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынға ие болды.
Жеңімпаз спортшылар арнайы Дипломдармен және медальдармен марапатталды. Бұл жетістік – Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық рухты нығайту және спорт арқылы парасатты қоғам құру жолындағы еңбегінің нәтижесі. Барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!