
АСТАНАДА ХІІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
2025 жылғы 15–16 қазан күндері Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» тақырыбында XII Азаматтық форум болып өтті.
Форум барысында өңірлерде өткен азаматтық форумдарда көтерілген маңызды мәселелер талқыланып, азаматтық қоғам мен мемлекеттік әріптестікті нығайту жолдары қаралды.
Аталған форум — еліміздің барлық өңірлерінен келген 800-ден астам делегаттың, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық серіктестердің басын қосқан үлкен алаң болды.
Форум аясында 20-дан астам бағытта пленарлық және панельдік сессиялар, қайырымдылық форумы, қолөнершілер көрмесі, этномода көрсетілімдері, сондай-ақ «Қоғам Talks» және «ФорумCAST» подкаст алаңдары ұйымдастырылды.
Форумға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла да қатысып, азаматтық қоғамды дамыту және кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы рөлі бағытында тәжірибе алмасуға атсалысты.
-
Фотографии
-