
СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Ақтөбенің Мұғалжар ауданында Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы, Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығы және Кәсіподақтар күні ерекше аталып өтті.
Аудан көлемінде осы атаулы даталарды атап өту мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелері арасында “Біз біргеміз!” атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс тартысты да тартымды өтті. Шараға 60-қа жуық қатысушы қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті. Эстафета соңында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар Мұғалжар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жанкүйерлер де қатысушыларға ерекше қолдау көрсетіп, шараның көтеріңкі көңіл-күйде өтуіне үлес қосты.