
АҚТАУДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Қазан айының 3 - 7 аралығында Ұстаздар күні және Кәсіподақ күні қарсаңында Ақтау қалалық білім бөлімі мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен мектептер арасында волейболдан ерлер, әйелдер арасында қалалық мұғалімдер спартакиадасы өтті.
Шара мақсаты – дене тәрбиесі мен спортты бұқаралық сипатта одан әрі дамыту,салауатты өмір салтын насихаттау,мұғалімдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттау,тәжірибе алмасу.
Спартакиадаға ерлер арасынан 25, әйел –қыздар арасынан 16 команда қатысты. Жарыс барыснда нағыз ойыншылар да, олардың тактикалары, ойын әдістері ерекше көрінді.
4 күн бойы тартысты өткен додада жеңімпаз командалар анықталды,ерлер арасынан 1-орын Р. Қабылов атындағы №3 мектеп, 2-орын Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп, 3-орын №9 мектеп болса, әйелдер командалары арасынан 1-орын №19 мектеп-гимназиясы, 2-орын №28 мектеп, 3-орын Ф.Оңғарсынова атындағы №29 мектеп командалары ие болды.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының әр кез беретін қолдауына ұстаздар қауымы атынан өз ризашылықтарын білдірді.
Ақтау қалалық филиалы