
КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ ҮШІН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 10-11 кыркүйек күндері Орал қалалық кәсіподақ комитеті – филиалының кәсіподақ төрағалары үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ұстаздар мен білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау - кәсіподақтың басты міндеті, сол себепті де еңбек заңнамасының сақталуы, әділ аттестация жүргізілуі, еңбек шарттары мен демалыс құқықтарының сақталуы басты назарда екенін атап өтіп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Шараның негізгі бөлімінде – облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері еңбек заңнамасындағы өзекті мәселелер (еңбек шарты, демалыс, жалақы, еңбек даулары), әлеуметтік әріптестік пен келісім шарттардың рөлі және мұғалімдерді аттестациялауға қатысты құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақ – жауап, жеке кеңестер бөлімінде қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.
Ашық алаңда кәсіподақ белсенділері тарапынан сауықтыру жәрдемақысының барлық жұмыскерлерге төленуі туралы ұсыныс түсті.
Екі күнге созылған «Ашық есік күні» – кәсіподақ төрағалары үшін құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек қатынасындағы туындаған кейбір мәселелердің заң аясында оң шешімі табылуына және кәсіподақтың жарғылық талаптарына сәйкес, түрлі бағыттар бойынша кәсіподақ жұмысын жетілдіруге пайдалы кездесу болды.
БҚО кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-