
ЕРЕН ЕҢБЕККЕ - ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ!
Бүгін «Қостанай қаласы білім бөлімінің №11 бөбекжайы» КМҚК кәсіподақ ұйымы бас аспаз Меңдібаева Аягөз Әбдіғапарқызының ерен еңбегіне ризашылық білдіріп, алғыс сөздерімен атап өткісі келеді.
Ол ғұмырының саналы бөлігін бөбекжайда аспаз болуға арнады. Бұл ол үшін жаны мен күшін жұмсаған жылдар. Бүгінде ұжымда өзінің маңызды және қажетті жұмысын жалғастыруда.
Жүрегі мейірімге толы, қолы алтын және шыдамы сарқылмас адам. Бақшада осындай адамдардың арқасында әрдайым дәмді тағамдар, жайлылық пен жылы үй атмосферасы бар. Аягөз Әбдіғапарқызының еңбегі, оның айналасындағыларға деген мейірімі мен шынайы көзқарасы, қызметіне деген адалдығы басқалаларды шабыттандырады.
Мамандыққа адалдығыңыз үшін алғысымыз шексіз, ерен еңбекке - лайықты құрмет!