
ҚАРҒАЛЫ КӘСІПОДАҒЫ: ДЕМАЛЫСТЫ ДЕМЕУ ЕТКЕН ЖАЗ
Жыл бойы тынымсыз еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруге үлес қосып жүрген білім қызметкерлері үшін жаз мезгілі демалуға, күш жинауға таптырмас мүмкіндік. Осы орайда Ақтөбенің Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы өз мүшелеріне жазғы демалысты тиімді өткізуге жағдай жасап, түрлі бағыттағы танымдық және сауықтыру шараларын ұйымдастырды.
Биыл аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен бір топ ұстаз Қостанай мен Сарыағаштағы таңдаулы шипажайларда тынығып, емдік-сауықтыру қызметтерін қабылдады. Табиғат аясындағы демалыс олардың денсаулығын жақсартып, шығармашылық шабытын арттырды.
Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің келесі бір легі Түркістан өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасап, көне қаладағы рухани мұралармен танысты. Ал аудан көлемінде тынығуды таңдағандар Қасқыр сарқырамасына барып, табиғат аясында серуендеп қайтты.
Мұндай демалыс жай ғана тынығу емес, кәсіби жолда қажырмен еңбек етіп жүрген ұстаздар үшін үлкен қолдау әрі шабыт көзі. Айта кетейік, аудандық кәсіподақ ұйымы білім қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, рухани саулығына да басымдық беруді жалғастыра береді.
-
Фотографии
-