
ЫРҒЫЗДЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ РУХАНИ САЯХАТЫ ЖАЛҒАСУДА
Білім саласы қызметкерлері үшін жазғы демалыс денсаулықты нығайтып, тынығып, жаңа оқу жылына сергек күйде оралуға мүмкіндік беретін ерекше кезең. Осы орайда Ақтөбенің Ырғыз аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы өз мүшелерінің демалысын сапалы ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді.
Биылғы жаз маусымында ауданның білім қызметкерлері еліміздің түрлі өңірлеріндегі шипажайларда ем қабылдауға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, кәсіподақтың қолдауымен бір топ қызметкер Мерке, Сосновый бор, Сарыағаш, Шипагер және Юкон шипажайларында тынығып, денсаулықтарын жақсартты.
Сонымен қатар, білім саласының өкілдері тек денсаулығын ғана емес, рухани байлығын да арттыруда. Ырғыздық мұғалімдердің бір легі Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа аттанып, аталған өңірдің табиғатымен, тарихымен жақын танысты.
Алдағы күндері тағы бір топ білім қызметкері Сыр өңіріндегі Ақеспе ауылына жол тартып, тынығу мен мәдени демалысты ұштастырмақ.
-
Фотографии
-