
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ШИПАЛЫ САЯХАТ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы жыл сайынғы дәстүрін жалғастырып, кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту мен сергек өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Осы бағытта биыл кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының кәсіподақ мүшелеріне Сарыағаш өңіріндегі шипажайда демалуға мүмкіндік жасалды.
Сарыағаш – еліміздегі ең танымал шипажайлардың бірі. Табиғаты тамаша, шипалы суы мен тыныштыққа толы ортасы денсаулықты қалпына келтіруге таптырмас мекен саналады. Мұнда демалушыларға емдік процедуралар, минералды су қабылдау, таза ауада серуендеу, түрлі спорттық және мәдени бағдарламалар ұсынылды.
Демалушылар үшін бұл күндер тек денсаулықты күшейту уақыты ғана емес, бір-бірімен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасуға, шығармашылық шабыт алуға мол мүмкіндік болды. Әріптестер арасындағы бірлік пен ынтымақты арттырған бұл демалыс сапары көптің көңілінен шықты.
Айта кетейік, алдағы уақытта да Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да білім және ғылым саласы қызметкерлерінің сапалы демалыс ұйымдастыру ісін жалғастыра бермек…