
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНА - МЫҢ АЛҒЫС!
Мен, Сатимова Айкүмис өз атымнан және қатысушылар атынан алғыс білдіеремін. Ақтау қаласындағы №31 «Еркемай» балабақшасының кір жуғыш машиналарының операторы қызметін атқарамын.
Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы кір жуғыш машиналарының операторлары қызметін атқаратын 52-жұмыскерлер «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы атынан онлайн форматта оқыту ұйымдастырылды.
Бізді оқытқан Ерік Сабырұлына алғысымыз шексіз, өйткені қызметтік міндетімізге байланысты қауіпсіздік шаралары, кір жуу бойынша қосылатын қоспалар түрі, жұмыс түрлері бойынша бірталай білім алдық.
Бізге білім түрінде және де практикалык жүзінде өте жаксы түсіндіріп, білмегенімізді үйретті. Әрине, бұл салада жұмыс атқаратын әйел адамдар болғандықтан дәріс барысында кездескен кемшіліктерге қарамастан сабырмен, байсалдылықпен керемет білімімізді жоғары деңгейде атқарып шықты.
Осындай шараны ұйымдастырған Маңғыстау облысының білім беру саласындағы кәсіподақ ұйымының өкілдері Т.Баймбетова мен К.Енсегеноваға да алғысымызды білдіреміз. Біздерге пайдалы ізгі істерді, білікті, білімді көтеруге үлес коскандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Кәсіподақ ұйымы әрқашан да еңбек қызметкерлерінің қолдаушы ұйымы! Жұмыстарыңызға толағай табыс тілейміз!
Сатимова А.С.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 31 «Еркемай» бөбекжайының операторы