
«ҰСТАЗ - ӨНЕГЕ!»
Бөбекжайымыздың ұстазы, ерен екбекшіл, аса мейірімді тұлға Утесинова Алтынай Изимбергеновна туралы сөз қозғауды жөн көрдік.
Қай қоғамда болмасын адамзат үшін ең қажетті, ең киелі екі мамандық иесі бар. Ол дәрігер мен ұстаз. Білімді дәрігер – тәннің шипагері, білікті ұстаз – ой-сананың бапкері. Алғашқысына кездессең, жаның қалады, соңғысына тап болсаң, жолың болады. Тәлім-тәрбие ата-анадан, оқу-білім ұстаздан. Осы екеуі сәйкес келсе, талай ұрпақтың жұлдызы жанып, мәртебесі биіктейді.
Адам баласы «Ұстаз» дейтін ұлы ұғымды ұлықтап, беделін арттырса, тіршіліктің мәні еселенбек. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге.
Ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, ғылым иесі ғалым да, мал бағып терін төккен шопан да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адамзат құрметпен бас иеді. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.
«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Осы теңеуге сай келетін, Ұстаз деген ұлы атаққа ие - ол Утесинова Алтынай Изимбергеновна.
1965 жылы 7 қаңтарда Маңғыстау ауданы Онды ауылында дүниеге келді.
1984-1986ж аралығында Маңғышлақ педагогикалық училищеге «Балабақша тәрбиешісі мамандығы» бойынша білім алады.
Алғашқы еңбек жолын Онды ауылында жаңадан ашылған «Бәйшешек» балабақшасында меңгерушісі болып қызмет атқарудан бастады.
1996 - 2004ж Онды орта мектебінде даярлық тобының тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі болып, 2004 - 2009ж аралығында директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2003ж Ақтөбе қаласынан «Дүние» педагогикалық университетін бітіріп «Бастауыш сынып мұғалімі мамандығын» алды.
2009 жылдан бері «Құлыншақ» балабақшасының директоры болып қызмет жасайды.
«Бiз тарихтан кемеңгерлiктi, поэзиядан — шешендiктi, математикадан — зеректiктi, жаратылыс ғылымдарынан — тереңдiктi, адамгершiлiк философиясынан — байыптылықты, логика мен көсемсөзден — айтысу дағдысын үйренемiз» деп данышпандар айтқандай, алдына келген шәкірттерін зеректікке жетелеген ұлағатты ұстаз Алтынай Изимбергеновнаның білім беру саласына қосқан еңбегі еселі.
Талай жылғы төгілген тер, тынымсыз еңбек, жалықпай ізденудің қорытындысы білікті ұстаз, Алтинай Изимбергеновна 2015 жыл-Маңғыстау аудандық білім бөлімінен «Білім саласына кәсіби біліктілігімен қосқан ерекше жетістігі үшін» Құрмет грамотасы; 2017 жыл – Маңғыстау аудандық кәсіподақ ұйымы: Ағарту саласында үлгілі еңбек етіп, өскелең ұрпақтарды тәрбиелеудегі жемісті еңбектері мен жоғары дәрежедегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасы; 2018ж Маңғыстау аудандық білім бөлімінен «Ауданның білім беру саласындығы елеулі қызметі мен жетістіктер үшін» Құрмет грамотасы. 2023 жыл – Маңғыстау облысының білім басқармасынан «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тірбие берудегі қосқан үлесі үшін» Алғыс. 2023 жыл – Маңғыстау облысының білім басқармасынан «Берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тірбие берудегі қосқан үлесі үшін» Алғыс. 2023 жыл – «Өрлеу - РК» оқу орталығынан Алғыс. 2023 жыл – «Аманат» партиясынан Алғыс.2024 жыл – Білім мазмұнын дамыту институтынан «Іскер ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. 2023 жыл – Маңғыстау ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Маңғыстау ауданының 95 жылдық» мерекесіне орай төсбелгісімен марапатталды.
Қиындығы мен қызығы мол педагогикалық салада еңбек еткеніне - 40 жыл.
Білімнің асқар шыңын бағындырып, ғылымның қиясына өрлеу, болашақ ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздардың ұстазы болу ешқашан оңайлықпен келмейтіні сөзсіз.
Бір сөзбен айтқанда, ақыл-ойды тәртіпке келтіріп, жас мамандарға үлгі бола білген Алтынай Изимбергеновнаның мерейі қашанда үстем. Оның ұлағаты мол ұстаздық еңбегі жас ұрпаққа өрісті өнеге болатыны сөзсіз.
Маңғыстау аудандық кәсіподақ филиалы