
БІРЛІК ПЕН РУХАНИЯТ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕКІ КҮН
Жазғы демалыс – жан сергітудің ғана емес, рухты түлетіп, ойға ой қосатын, көңілге қуат беретін кезең. Осы орайда Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті сала қызметкерлерінің мәдени-рухани танымын кеңейтіп, жазғы тынығуын мазмұнды өткізу мақсатында Ташкент қаласына екі күндік саяхат ұйымдастырды.
Екі күнге созылған бұл сапар – қатысушылар үшін ұмытылмас әсер мен тың шабыт сыйлаған нағыз рухани жаңғыру жолы болды десек артық етпес. Көне тарих пен заманауи өркениетке үйлесім тапқан Ташкент төрінде саяхатшылар:
* Қазақ-өзбек достығының айғағы болған тарихи орындармен танысып,
* Мәдени нысандар мен мұражайларды аралап,
* Топпен ұйымдастырылған түрлі шаралар мен серуендерге қатысты.
"Сапар – санаға сәуле, жүрекке жылу береді" дегендей, бұл саяхат қатысушыларды жаңа әсерге бөлеп, ұжым ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, демалыстан ерекше көңіл күймен оралып, рухани азық алып қайтты.
Осындай игі бастамалар – кәсіподақтың сала қызметкерлеріне деген шынайы қамқорлығының жарқын көрінісі.
Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-