
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (балабақшалардың) меңгерушілеріне арналған семинар-кеңес ұйымдастырды.
Іс-шараға Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев және Астана қаласы білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев қатысты.
Семинар барысында Батыр Әлиев Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, еңбек демалысына төленетін өтемақылар мен сауықтыруға арналған жәрдемақылардың мөлшері, төлеу тәртібі мен мерзімдерінің сақталуы туралы және құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында қолданыстағы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру және оны қолдану тәжірибесі туралы баяндады.
Өз кезегінде, Серік Әділбаев балабақшалар қызметінде жиі туындайтын мәселелерге және оларды тиімді шешудің жолдары туралы, сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамыз ету бойынша ой-пікірін ортаға салды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар алды.
Астана қалалық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-