
Ұстаз. Әйел. Ана. — Үш таудың биігі.
Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарымыздың еңбегін бағалап, оларға жан-жақты қолдау көрсетуді Түркістан облысы Кентау қалалық кәсіподақ комитеті әрдайым басты назарда ұстайды. Ұстаз — тек білім беруші ғана емес, ол ұрпақтың тәрбиешісі, қоғамның шамшырағы. Осы орайда жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын демалыс шарасы өз жалғасын тауып, бүгінде ұстаздарымыздың екінші легі шипажайларда тынығып, денсаулығын нығайтуда. Бұл – олардың рухани сергектігін арттыруға бағытталған нақты қолдаудың жарқын көрінісі.
Қазіргі таңда жолдама алған ұстаздарымыз шипажайларда демалып, жайлы жағдай мен сапалы қызметтің игілігін көруде. Мұғалімдер қауымы бұл қамқорлыққа ерекше риза. Осындай жанашырлық пен қолдауды сезіну – олардың кәсіби шабытын арттырып, жұмысқа деген ынта-жігерін еселей түсері сөзсіз.
Әсіресе, әйел ұстаздардың еңбегі – ерекше құрметке лайық. Олар — ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, отбасына мейірім шуағын төгіп жүрген аяулы аналар. Шипажайда тынығу – олардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, өмірге деген серпін сыйлайтын маңызды демалыс. Кәсіподақ ұйымының осындай шынайы қолдауы ұстаз-аналарымыз үшін үлкен қуаныш пен алғысқа толы сезімге айналуда.
Кентау қалалық кәсіподақ комитеті алдағы уақытта да ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек. Ұстазға жасалған әрбір қамқорлық – болашаққа бағытталған игі қадам екенін біз жақсы түсінеміз. Біз бірге – мықтымыз!
Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-