
Еңбекші әйелдер комиссиясының отырысы
✨ Қобда аудандық Еңбекші әйелдер комиссиясының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған шара өтті.
🗞️Іс-шара барысында Қобда аудандық Еңбекші әйелдер комиссиясының төрағасы Айнагүл Серікқызы шараға қатысқан қонақтармен еркін форматта пікір алмасып, Әлия Молдағұлова сынды батырлардың ерлігі мен бүгінгі қоғамдағы әйелдің орны туралы мазмұнды сұхбаттар жүргізді. Қонақтар батыр қыздардың ерлігі тек тарих емес, қазіргі ұрпаққа үлгі екенін ерекше атап өтті.
🖇️ Сұхбатта Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мақсатқызы, ішкі саясат саласының ардагері Ақшолпан Ахмадиқызы және Темір ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсемгүл Бақытқызы мазмұнды ойларымен бөлісті.
📃Бүгінгі қоғамдағы еңбекші әйелдердің қайсарлығы мен қажырлы еңбегі – Әлия сынды батыр арулардың жалғасы іспетті. Олар барлық салада табанды еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып келеді. Батыр қыздың рухына тағзым еткен бұл шара – заманауи еңбекші әйелдердің де ерік-жігерін, елге деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін дәріптеудің жарқын үлгісі болды.
Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымы